2021 жылдың 4-9 қараша аралығында Стамбул /Түркия/ қаласында каратэ-шотоканнан өткен Әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар 8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.
Атап айтқанда: Ересектер: Есмаханбет Руслан 75 кг. салмақта 1-орын; Жамбаев Жанболат 84 кг. салмақта 2-орын; Халматов Низамиддин 55 кг. салмақта 2-орын. Жастар: Марат Азамат 75 кг. салмақта 1-орын. Жасөспірімдер: Бакирова Айжан 59 кг. салмақта 1-орын; Төлеген Бекнар 61 кг. салмақта 1-орын; Мырзалы Жансултан +70 кг. салмакта 1-орын; Тайлиев Шыңғыс 57 кг. салмақта 1-орын; Анисимов Глеб 44 кг. салмақта 1-орын; Сағынбек Лаура 54 кг. салмақта 1-орын; Еркін Біржан 61 кг салмақта 2-орын; Аманқұл Аман 38 кг салмақта 3-орын; Бармакова Динара 59 кг. салмақта 3-орын;Спортшыларды құттықтаймыз !