Қайтарыңдар..

3204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/3a6ad86f-be77-4e6f-9876-c2e0ddf007a4.jpeg

(Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаеқа)

Ел сұраса , ел билер елеңдеген , Елдік салтым бар еді көнермеген . Көнермесін сеземін денем менен , Кездер өткен бәріне көнем деген . Ұлына - ұя , Қызына - болған төркін , Елдің еркін даласы көңіл көркім . Бөркім шіркін кең еді көп бас сиған , Керек боп тұр өзіме енді өз бөркім . Желтоқсан боп тағдырды бастан кештім , Азаттықтың ақ жолын ашқан көшпін . Иықтағым - Тәңірдің теңбіл добы , Ойнамасын біздегі баспен ешкім . Қаракермен қатерден қарғып өткен , Қайран бабам , ұрпағың арлы не еткен !.. Ағайынға атымды түсіп бергем , Арып - ашып келгенде арғы беттен . Ел атауын өзгертсе жабылғандар , Жер атауын өзгертті қағынғандар . Сынбаса да қайысып өкпемді езген , Қарадала секілді қабырғам бар ... Заман қалай өзгерді , байқадыңдар , Адам қалай өзгерді , байқадыңдар . Дала деген көзі ғой қарт бабаңның , Қарттың көзін өзіне қайтарыңдар ! Сенің дағы білемін айтарың бар , Менің дағы біле жүр айтарым бар . Қарадала - көзім ғой маңдайдағы , Өз көзімді өзіме қайтарыңдар !!!
评论