Радио күні ескі қалашықта жалғасты

2319
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/af39c3d0-e2b2-480a-8a5b-9c8cca8c03ff.jpeg
Радио күні "Шымқала" тарихи-мәдени кешенінде жалғасын тапты. Мегаполистің театр, цирк және өзге де мәдени ошақтарында еңбек етіп жүрген 200-ден аса қызметкері қонақтарды ежелгі қаланың бас қақпасынан сахналық қойылыммен қарсы алып, әннен шашу шашты. Сонымен қатар, қала қонақтарына тарихи-мәдени кешеннің цитаделі таныстырылды. Кешен экскурсоводтары Шымшаһардың терең тарихымен таныстырып, ескі қаладағы археологиялық аймақты көрсетті. Радиотілшілер ХІ-ХІІ ғасырдағы су құбырларын, қауыз бен "Махаббат мұнарасы" бөлмесін, садақ ату алаңшасын тамашалап, ескі қаладан ерекше әсер алды.
评论