Шымкентте жылжымалы көрме ұйымдастырылуда

1641
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/8b21787b-f29f-40a9-9dff-27c617ef86f3.jpeg
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «SHYMQALA» тарихи-мәдени кешенінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» тақырыбында жылжымалы көрмесі ұйымдастырылмақ. Көрмеде көне өркениет тарихынан хабар беретін мұражай қоры жинағындағы ортағасырлық жәдігерлер - асханалық бұйымдар, зергерлік заттар және басқа да көне тұрмыста қолданылған археологиялық түпнұсқа жәдігерлер көпшілік көрермен назарына ұсынылады.
评论