ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛАДЫ

2053
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/4dab150c-a027-45e4-8d4d-f4cbe7dfcd77.jpeg
Абай ауданы әкімінің аппаратына биыл 9 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан 352 арыз келіп түскен. Оның ішінде: - коммуналдық мәселе бойынша - 120 өтініш; - әлеуметтік мәселе – 76; - тұрғын үй мәселесі – 4; - жер мәселесі – 6; - жол мәселесі – 34; - құрылыс мәселесі – 36; - басқа да мәселе – 76. Келіп түскен барлық өтініштер мерзімінде орындалды. Сонымен қатар, аудан әкімі мен орынбасарлары 44 жеке қабылдау өткізді. Оның 14-і қанағаттандырылды. Ал 30-на салалық басқармалардың құзырындағы мәселелерге қатысты заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 71 пайызды құрап отыр. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 38 көшеге жарықшам орнатылды. Жыл соңына дейін 9 көше жарықтандырылады. Айта кетейік, Түркістан облысынан 2014 жылы Абай ауданы аумағына қосылған 10 елді мекеннің (халық саны - 33 254) инфрақұрылымдық мәселесін шешуде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

评论