Шымкентте 9 мыңға жуық адам PEIZER вакцинасын салдырды

3559
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/22b938ea-a7eb-4e64-96ba-ccac037a7459.jpeg
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдері еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Үкімет басшысы вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты. Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келген. Коронавирустық инфекцияға қарсы бұл вакцинамен тиісті контингенттің 112 437 адамды егу жоспарланды, оның ішінде 8 740 жүкті әйелдер (15-40 апта), 87 697 12-17 жастағы балалар. Сондай-ақ, қосымша 16 314 бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жоспарлануда. Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерді «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен вакцинациялау басталды. «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентімен 8 869 адам егілді, 2-ші компонентімен 1 205 адам егілді. Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын енгізу басталды, бүгінге 7 354 адам ревакцинацияланды. Сонымен қатар, тұмауға (грипп) қарсы вакцинамен 130 327 адам қамтылды, бұл 100 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

评论