Тоқаев: 1986 жылы қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты

4594
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/83db1831-14dc-4113-93e6-6464af97f9a7.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1986 жылы болған наразылық шеруі еліміздің егемендікке деген ұмтылысы болғанын атап өтті. Бұл туралы ол Twitter-де жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды»,– деді ол.
评论
其他材料