Таразда бас шырша өртеніп кетті

2442
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/7255f668aaea4e37b83e88d493578a5a.jpeg
Жамбыл облысында Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде қаладағы бас шырша өртеніп кетті  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Департаменттің хабарлауынша, өрт 00:06 уақытында басталып, 00:20-да сөндірілді. Оқиға Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде болды. Өрт тұтанған тұста айналасында көптеген адам болған.
Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Өрттің себебі әлі анықталмаған.
 

"Адырна" ұлттық порталы.

评论