Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

2471
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/izobrazhenie_2022-01-04_112351-960x500.png?token=44047e4345564d2441209a430c55777b
Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.
评论
其他材料