Мемлекет басшысы барлық үндеуін өзі жазды – Берік Уәли

3188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/23958307-2f95-4755-bb65-5cfddfb0601d-960x500.jpeg?token=d987e0b4b18069ba9b79f5782cd04142
Мемлекет басшысы барлық үндеуін өзі жазды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жариялануда. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау қажет деп санаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев - мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料