Алматыда 77 супермаркет жұмыс істеп тұр

1936
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/097ce631-4d76-42d0-8965-75f974f4b67f.jpeg
Алматыда 77 супермаркет жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Алматы әкімдігі мәліметінше, бүгінде қалада 77 супермаркет ашылған. Оның ішінде, 39 Magnum желісі, 9 Small дүкені және бір "Тоймарт". Үш ірі базар ашылған - "Барыс", "Алматы 1" және "Арыстан". 44 жанармай станциясы жұмыс істеп тұр. Онда газ бағасы 70 теңгеден.
Сонымен қатар, 111 дәріхана жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 107-сі сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, төртеуі туәлік бойы қызмет көрсетеді. Олар Прокофьев 140, Майлин 12, Красногвардейский 573 және Думан ықшамауданында, Аяз Би көшесі 3 мекенжайында орналасқан.
Сондай-ақ, 9 қаңтарда қала әкімі Орталық ауруханаға барды. Онда әкім жаппай тәртіпсіздік кезінде оқ тиіп, жараланған бір әскери мен бір полицейдің жағайын білді.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料