Алматының бірнеше көшесі қылмыскерлерден тазартылды

2505
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/dae9faaa-82e0-47fb-a58e-c468ee51b277.jpeg
Алматы комендатурасының ақпарат орталығы қаланың қылмыскерлерден тазартылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сайн – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасуда»,– делінген хабарламада.
Сондай-ақ террористік шабуылдар мен тонаудың 508 қатысушысы ұсталып, 22 бірлік атыс қаруы мен 1 412 оқ-дәрі тәркіленді.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料