Алматыда жоғары лауазымды полицей қайтыс болды

3178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/photo_92311.jpeg
Алматыда жоғары лауазымды полицей қайтыс болды. Ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ресми ақпаратқа сәйкес, Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Танат Назановта инфаркт болған. "Ол жұмыс орнында мерт болды", - дейді Алматы ПД өкілдері. Танат Назанов өмір бойы жедел бөлімшелерде қызмет еткен, ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес басқармасын басқарған. Еске салайық, бүгін Жамбыл облысы полициясының басшысы Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны мәлім болды.

"Адырна" ұлттық порталы

评论