Еліміздің үшінші мегаполисінің тұрғындары Наурыз мерекесін ерекше тойлауда, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкенттіктер ұзындығы 30 метрлік қазы әзірледі. Бұл үшін ондаған аспаз күштерін біріктірді.
Жылқы етінен жасалған ұлттық тағам әлеуметтік мекемелерге таратылды. Қазы арнайы рецепт бойынша дайындалғаны, аспаздар пісірудің құпиясын ашпағандығы атап өтілді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Нағыз тәрбие" - Шымкенттік оқушы анасы түскі асқа деп берген ақшаға макарон алып, Түркияға жөнелтті