БҰҰ Бас хатшысы: Украинадағы соғыс салдарынан 1,7 миллиард адамға аштық пен кедейлік қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз баяндамасында Украинадағы соғыс украиндықтар үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін гуманитарлық апатқа айналуы мүмкін екенін айтты.
Бас хатшы БҰҰ-ның «Украинадағы соғыстың азық-түлік, энергетика және қаржы жүйелеріне жаһандық әсері» атты баяндамасын ұсынды.
«Украинадағы соғыс бір дәрежеде 1,7 миллиард адамның жағдайын нашарлатты, олардың үштен бірі кедейлік шегінен төмен болды. Қақтығыс жаһандық азық-түлік, энергетика және қаржы жүйелерінде іркіліс тудырды, бұл сөзсіз әлемнің бірнеше аймағында кедейлік пен ашаршылықтың өсуіне әкеледі», - деді БҰҰ Бас хатшысы.
“Адырна” ұлттық порталы
Үміт Шаяхметова БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарт желісінің Директорлар кеңесінің алғашқы отырысын өткізді
