Astra Rocket зымыран тасымалдағышының Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында (Флорида, АҚШ) іске қосылуы сәтсіз аяқталды. Аталған зымыран SLC-46 ұшыру алаңында 2022 жылдың 12 маусымында Нұр-Сұлтан уақытымен 23 сағат 43 минутта ұшырылып, тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бірақ ұшыру басталғаннан кейін 7 минут 22 секундта екінші сатыдағы қозғалтқыш жоспарланған мерзімнен 70 секунд бұрын ажыратылған.
Салдарынан зымыран спутниктерді орбитаға шығара алмады.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ кедендік бақылау қызметі заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка азаматтары көп екенін айтады.
