Алматы облысында ер адам мүгедек зейнеткерді зорлады

4861
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/c765214b-0a0b-4e87-9205-0596b915ae3a.jpeg
Зейнеткерді зорлады деген күдікпен Алматы облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 63 жастағы мүгедек әжей түн ортасында есікті біреу қаққаннан оянған. Босағада белгісіз ер адам тұрған. Ол әжейден кіруге рұқсат сұраған. Әжей оны үйге кіргізбей қойған. Ер адам кетіп қалып, араға біраз уақыт салып, қайта оралып, үйдің терезесін шаққан. Ер адам үй иесін бірнеше рет зорлап, кейін ұйықтап қалған. Осы кезде зардап шегуші көршілері мен полицияны көмекке шақырған. Бірақ зорлаушы олар келгенше қашып кеткен. Қазіргі таңда күдікті ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы «Зорлау» бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер