Әнші Нұрлан Албанның аспаптар сақталған қоймасы өртеніп кетті. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында оқырмандарын өрттен абай болуға шақырып жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазіргі менің жағдайым осындай. Өнер жолына келгеннен бастап тірнектеп жинаған бүкіл аспаптарым, музыкалық құрылғыларым, жабдықтарым өртеніп кетті. Ең бастысы, бала-шағам, туған-туыстарым, бауырларым, ел-жұртым аман болса болды. Бас аман болсыншы, одан басқа ештеңенің қажеті жоқ», – деді әнші.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Экология министрі жылап тұрды. Бұл көз жас – шарасыздықтың көз жасы. Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла. Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.
