Қазақстандағы ипотекалық қарыз алушылардың көбі – әйелдер

3538
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-22_180326918.png
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ипотеканы ерлерден гөрі әйелдер жиі рәсімдеген, деп хабарлайды "Адырна".
Krisha.kz мәліметінше, Қазақстандағы ипотекалық қарыз алушылардың жартысынан көбі – әйелдер, оларға берілген қарыздардың 55%-дан астамы тиесілі. Ипотека рәсімдеген әйелдердің 25%-ы – 30-44 жастағылар. Ал 12%-ы – 30 жасқа дейінгі әйелдер және 18%-ы – 45 жастан асқандар. Ал ипотекалық қарыз алған ерлердің 14,6%-ы – 30 жасқа дейінгілер.30-44 жастағылар ипотека рәсімдеушілердің 21,2%-ын құраса,  9,3%-ы – 45 жастан асқар ерлер. Ипотека рәсімдегендердің көбінесе 15-20 млн теңге (барлық көлемнің 24,8%-ы) несие алған. 10-15 млн теңгеден аз алғандардың үлесі –  21,9 % Сарапшылар өткен жылдармен салыстырғанда ай сайынғы төлемдер көлемінің төмендегенін атап өтті. Бұл несие беру мерзімінің ұлғаюына байланысты. Егер 2021 жылы орташа көрсеткіш 145,3 мың теңге болса, 2020 жылы – 155,7 мың болса, биылғы жылдың алты айында – 136,1 мың теңге.
Пікірлер