Дастан Сәтпаев Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

1227
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4F4O7YrzlrBcPFwZlpnllRG05TlEcUoQ34vgGqj0.jpg

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының намысын қорғап жүрген, Лондонның «Челси» клубында ойнайтын 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев Орталық Азиядағы бес елдің чемпионаттарында ойнайтын ең қымбат футболшы атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Transfermarkt порталының соңғы деректері бойынша, Сатпаевтың нарықтағы бағасы 500 мың еуродан 1,8 миллион еуроға дейін өскен. Бұл – оның небәрі 16 жасында Қазақстан чемпионатының ең үздік сұрмергені атанып, ұлттық құрамада дебют жасауының нәтижесі.

Бұған дейін аймақтағы ең қымбат футболшы - өзбекстандық «Насаф» командасының қақпашысы Абдувохид Нематов болған еді (1,5 млн еуро). Жуырда оны осы клубтың тағы бір ойыншысы Акмал Мозговой қуып жетіп, бағасы 1,2 млн еуродан 1,5 млн еуроға дейін өсті. Қазір жаңа көшбасшы – Дастан Сәтпаев.

Тәжікстан чемпионатында ең қымбат футболшы - «Истиклол» командасының жартылай қорғаушысы Алишер Джалилов (500 мың еуро).

Қырғызстанда ең жоғары бағаланған ойыншы - «Абдыш-Ата» командасының қорғаушысы Кристиан Браузман (450 мың еуро).

Түрікменстанда бірнеше футболшы 200 мың еуроға бағаланған.

Пікірлер