Ақтөбеде саябақта ойнап жүрген баланы тоқ соқты

1194
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vJdLosbp5QszMyQoaH2VP6eEAKo58xmjppyn982c.webp

Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы саябақта ойнап жүрген он жасар баланы тоқ соқты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

КТК телеарнасының мәліметінше, баланың жағдайы ауыр.

Оқиға Жеңіс күні қарсаңында жаңадан ашылған шағын саябақта болған. Бала гүлзар бойымен орнатылған жарық шамының бағанына өрмелеп шыққанда, тоқ ұрған. Жарақат алған оқушыны алдымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген.

Кейін облыс орталығындағы мамандармен бейнебайланыс арқылы кеңескен дәрігерлер баланың жағдайы тым ауыр екенін айтып, оны шұғыл түрде санавиациямен Ақтөбедегі балалар ауруханасына жөнелткен.

«Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, электр тогынан жарақат алған, денесінде күйік белгілері бар», – деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Қуантай Нұрмұхамбетов.

Айта кетейік, бұл шағын саябақ 9 миллион теңгеге жөнделген. Алайда Шалқар ауданының әкімі электр сымдарында ешқандай ақау болмағанын айтып отыр.

Пікірлер