19 жылдан кейінгі алғашқы ресми сапар. Қазақстан СІМ Моңғолияға барады

1067
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0xuNU6jEqvC46X8nBdhexqI4MkAoXUEP8SBrvm5n.jpg

Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгтің шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі 2025 жылғы 26-27 маусым аралығында Моңғолияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды "Адырна". 

Сапар барысында Моңғолия мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері ресми келіссөздер жүргізіп, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы "Стратегиялық әріптестікті" кеңейту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасады.

Бұл – Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі алғашқы және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі деңгейіндегі соңғы 19 жыл ішіндегі алғашқы ресми сапар болмақ.

Моңғолия мен Қазақстан  дипломатиялық қатынастарды 1992 жылғы 11 қаңтарда орнатқан.

Пікірлер