298 адам қаза тапқан ұшақ апатына Ресей жауапты — Еуропалық сот

1652
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RYMmX573vqp30pLb0oSrtmaVJwd96ABxK4qD6e8f.webp

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот 2014 жылы Украина әуе кеңістігінде Malaysia Airlines әуе компаниясының MH17 рейсінің апатқа ұшырауына Ресей Федерациясын кінәлі деп тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот өз шешімінде 17 шілде 2014 жылы Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған жолаушылар ұшағын Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аумақтан «Бук» зымыранымен атып түсіргенін растады.

Жолаушылар мен экипаж құрамындағы 298 адамның барлығы қаза тапқан. Құрбандардың 196-сы — Нидерланды азаматтары.

Сот Ресейдің бұл апаттағы рөлін нақты дәлелдермен байланыстырып, адам өміріне қауіп төндіріп, халықаралық құқықты бұзғанын мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ да мамыр айында MH17 апаты үшін Ресейдің жауапты екенін мойындаған болатын.

Пікірлер