16 шілде күні Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Сирия астанасы Дамаскінің орталығында орналасқан Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтеріне әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Израиль әскери күштері Telegram парақшасында хабарлады.
“Біраз уақыт бұрын Израиль армиясы Дамаск ауданында Сирия режимінің әскери штаб-пәтерінің кіреберісіне соққы жасады”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Сирия денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, шабуыл салдарынан 1 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған.
Бұл оқиға Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұрған тұста болды. Бұған дейін Израиль шекара маңына қосымша әскер жіберетінін мәлімдеген еді. Ал Сирия үкіметі Эс-Сувейда провинциясына қарулы қақтығыстар болып жатқан аймаққа әскери бөлімшелер жөнелткен. Онда друздар мен бедуин тайпалары арасында қақтығыстар жалғасып жатыр.
Алаяқтардың кесірінен Ислам дініне жаман ат келуде. Ендеше, Ринатқа емес, дін атын жамылған алаяқтарға айтыңдар айтарларыңды!