Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

2411
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EjnawuPQHC4I8g3B5VVN7UqVcl9ewDaqxQBzIR1r.jpg

Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, сазгер, ақын Исраил Сапарбай 85 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".

«Бүгін таңнан суық хабар жетті. Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы

Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады», — деп жазды Қасымхан Бегімханов. 

Пікірлер