Дүкен Мәсімханұлы “Қытай әдебиетінің досы” сыйлығымен марапатталды

1838
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hPgYZboh94NMC1Im6fdbiSCl3mk4yNxEeFxN4mBa.jpg

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы  “Қытай әдебиетінің досы” сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы институттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, ҚХР билігінің тапсырмасы бойынша Қытай жазушылар одағы мен Нанкин қалалық  әкімдігі бірлесіп шілденің 20-24 күндері Нанкин қаласында дүниежүзі қытайтанушы ғалымдарының 7-ші дәстүрлі форумын өткізіп жатыр.

Оған дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі  30-дан  астам елдің  50-шақты  қытайтанушы ғалымдары мен аудармашылары, қытайдың өзінің  ең талантты, ең жас 40 қаламгері қатысуда.

Осы жиналысқа Нанкин қаласына Қазақстан және Орта Азия аймағынан Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы мен Айнұр Әбиденқызын арнайы шақырылды.

"Дүкен Мәсімханұлының 2023 жылы  күзде 30 жылдан бері қытай әдебиетінен жасаған көркем аудармаларын жинақтап, "Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары" деген атпен  бес томдық кітап баспадан шығарып, еліміздің барлық кітапханалары мен  біраз қаламгерлерге сыйлаған болатын.

Дүкен Мәсімханұлының осы еңбегін ескерген ұйымдастырушылар Нанкин қаласында өтіп жатқан форумның пленарлық отырысында “Қытай әдебиетінің досы” деген  сыйлық табысталды", делінген хабарламада.

Пікірлер