Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы той соңы төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан ақ көйлек киген жастардың жолдың қақ ортасында төбелесіп жатқанын көруге болады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 31 шілде күні болған. Қонақтар сөзге келіп қалған. Нәтижесінде жанжал үлкен қақтығысқа ұласқан.
«Барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Олар — 2004–2005 жылдары туған жастар. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы — бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД.
Ұқсас жаңалықтар