Қайрат Қожамжаров ісі. Тергеу басталды

1598
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5hStfXRTWcRxEe0AAeYco4SDEnoj0RS1QK3Fyr0F.jpg

Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы әрі Бас прокурор қызметін атқарған Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бас прокуратураның мәліметінше, іс оның әртүрлі басшылық қызмет атқарған кезеңдерінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастыру фактілері бойынша қозғалған.

«Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың басшылығымен жедел-тергеу топтары құрылды», – деп мәлім етті қадағалау органы.

Хабарламада Қожамжаровтың ұсталған-ұсталмағаны көрсетілмеген. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.

Айта кетейік, Қайрат Қожамжаров әр жылдары қаржы полициясын басқарды, Ақмола облысының әкімі болды, Президенттің көмекшісі қызметін атқарды, Антикоррупциялық ведомствоны және ҚР Бас прокуратурасын басқарды. Ол 2023 жылдан бері мемлекеттік қызметте емес. 

Пікірлер