Шымкент қаласында мешіттен өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
«Бүгін 112 қызметіне К.Әділбеков көшесінде, Тұран шағын ауданында орналасқан екі қабатты мешіттің шатырынан түтін шығып жатқаны жөнінде хабар түсті. Қалалық ТЖД жедел қызметтері оқиға орнына барып, шатырдың ағаш құрылымдарын ашып, өрт ошағын сөндірді», – делінген сенбі күнгі хабарламада.
Қайғылы жағдай тіркелген жоқ.
«ТЖМ өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді!» – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
"Семей орманы" мекемесінде дәл қазір басшы жоқ. Өйтеміз-бүйтеміз деп ауызбен орақ орып жүргенде 14 отбасы аңырап қалды.
