Қазақстанда ЖИ министрлігі құрылды

975
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Құжатқа сәйкес, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта ұйымдастырылып, оның орнына Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Сонымен қатар, инновациялық қызметке қатысты бірқатар функциялар мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Үкіметке мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдарының штаттық санын қайта бөлу тапсырылды. Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында жасанды интеллектті кеңінен енгізу қажеттігін айтып, арнайы министрлік пен «Цифрлық кодексті» құруды ұсынған болатын.

Пікірлер