16 жастағы қазақстандық спортшы қол күресінен әлем чемпионы атанды

869
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SKPEK5o5M9IFKcozrzwsCLgD5kdrMjQs9z5DiT2j.webp

Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында 16 жастағы шардаралық спортшы Ұлболсын Елмұрат тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұлболсын 60 келіге дейінгі салмақта финалда Словакияның 13 дүркін әлем чемпионы Люсия Дебранованы ешқандай мүмкіндік бермей, бірнеше секундта жеңіп шықты.

Қазақстан туы көтеріліп, әнұран шырқалған сәтте жас чемпион көз жасына ерік берді. Бұдан бөлек ерлер арасында бірнеше чемпиондарымыз шықты.

Пікірлер