«Испаниялық сайттардан көрдік...» Депутат «Қазақтелекомды» сынады

1442
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AXYSjTTRquICH6QntHkQSKdsbtjk07XdEruxqkqy.png

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы «Қазақтелекомның» жұмысын сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Алматыда өткен «Қайрат» – «Реал» матчі кезінде интернет істемей, онлайн көрсетілім сапасының сын көтермегенін мәлімдеді.

«Кешіріңіздер, мұндай жүктеменің көп болатынын бәріміз білдік. Соған лайықтап дайындалу қажет еді. Тарифті көтеруге келген кезде, сыйақы беруде алдына жан салмайтын «Қазақтелекомның» жанын салып жанкүйер боламын деген азаматтардың жолын кескені жаныма батты. Мыңдаған азаматтар ойынды испаниялық сайттардан көрді. Өзім де солардың қатарындамын. Өз елімізде болған футбол мерекесінде өзіміз ақша төлеп отырған оператордың көмегімен өз телеарнамыздан көре алмаудан асқан қорлық жоқ шығар»,–деді депутат.

Пікірлер