Белгілі дәрігер Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

1522
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/X3eIkxAmpXa0QlbLOaV4eYD4XgkERZeOS4HK8T6Y.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алексей Цой Мемлекет басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ресми ақпарат Ақорданың баспасөз қызметі арқылы жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Алексей Цой 1977 жылдың 2 сәуірінде Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, сондай-ақ Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының жоғары корпоративтік басқару мектебін тәмамдаған.

Ол мансабын хирург-эндоскопист ретінде бастаған.

Цой әр жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы, денсаулық сақтау вице-министрі, әрі кейін денсаулық сақтау министрі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың 31 қазанынан бастап Президент Іс басқармасы Медициналық орталығын басқарған Алексей Цой енді әлеуметтік саясат бағытында Мемлекет басшысының кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады.

Пікірлер