Жаңа ипподром кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

823
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZdgDzbxnrJxRdC3rhnLpvEfvt3ZHU4u3eXQqRlpc.jpg
Биыл Түркістан облысы әкімінің бастамасымен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жаңадан салынып жатқан ипподромға апарар жол салу жұмыстары қолға алынған болатын. Жоспарға сәйкес ұзындығы 1,3 шақырым болатын жолға екі қабатты асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылды. Бүгінде жолдың екі жағынан аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде.
Ипподром кешенінің жалпы аумағы 99 гектарды қамтиды. Мұнда ұзындығы шамамен 4 шақырымдық бәйге жолы, 1500 орындық ашық трибуна, 120 орынға арналған жабық манеж, 100 жылқыға арналған атқоралар мен жаттығу алаңдары қарастырылған. Жоба ат спортының дамуына серпін беріп, көрермендер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сай атқарылып жатыр.
Пікірлер