Астанада 18 жастағы студент көпірден секіріп кеткені туралы ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 18 жастағы астаналық көпірден секіріп кеткен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Құзырлы органдар қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себебін анықтауда.
Еске сала кетсек, маусым айында Назарбаев Университетінде студент қыздың өліміне қатысты оқиға тіркелген еді.
Ұқсас жаңалықтар