«Ұрлап, соғысқа жіберген». Украинадағы соғыста қаза тапқан қазақстандық туралы дерек шықты

984
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RVmVjJr9dkJf1tysMEEGN05o1NCuZTAMsTLSnfmv.jpg

30 жастағы қазақстандық Алексей Сергеев Украинадағы соғыста қаза тапқан 270 қазақстандықтың қатарынан табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Uralsknews.kz дерегінше, ер адамның жұбайы Надежда күйеуімен соңғы рет наурыз айында сөйлескенін айтады. Сол уақыттан бері ол байланысқа шықпаған.

«Мен оның ол жақта екенін мүлде білмедім. Ол жыл басында Астанаға жұмыс іздеп кеткен, ал наурызда байланыс үзілді. Мен оны бүкіл Қазақстан бойынша іздедім. Оның шетелге шығуына тыйым салынған болатын. Ол қалайша Ресейге, кейін Украинаға тап болды? Мен сотқа бардым. Астана арқылы оны іздеуге бердік. Енді оның қайда екенін, қай жерде жерленгенін білгім келеді. Өлім туралы куәлік алуым керек. Қалай өмір сүремін, баланы жалғыз қалай өсіремін?», — дейді әйел.

Әйелдің сөзінше, күйеуін белгісіз адамдар ұрлап, соғысқа жіберген болуы мүмкін.

Пікірлер