Алматы қаласында жеті көліктің қатысуымен болған жаппай жол апатының мән-жайын полиция мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полицияның мәліметінше, оқиға 31 қазан күні сағат 22:50-де Бостандық ауданында болған. BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан бес адам медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар