Енесі мен күйеуін өлтірген келін. Ақпарат жалған болып шықты

569
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FGXtFT0eKdAf54nGGXl5mTTXNinj5tW47YlXbf7e.webp

Өзбекстанда келіні енесі мен күйеуін өлтіріп, олардың етінен манты пісірді деген жалған дерек тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы елдің жоғарғы соты ресми түрде мәлімдеген.

Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат құралдарында тараған деректерге сәйкес, келін енесі мен күйеуін өлтіріп, олардың етінен манты пісіріп, көршілеріне таратқан делінген болатын.

Сондай-ақ әйелдің 12 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған.

Алайда Өзбекстан жоғарғы сотының ресми хабарламасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылды.

«Мұндай қылмыс біздің елде болған жоқ және ол соттарда қаралған емес», — делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Пікірлер