Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты, - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, Шри-Ланкада толассыз жаңбыр соңы су тасқынына ұласқан. Салдарынан 132 адам қаза тауып, 176 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Егер спектакль дейтін болсақ, одан кім не ұтты? Бұдан екі жақ та ештеңе де ұтқан жоқ. Ұтқан тек — Тоқаев. "Ресейдің ішкі шаруасы” деген Тоқаев азды-көпті бедел жинап алған сияқты.
