КҚК арқылы мұнай тасымалдауда кедергі жоқ — Энергетика министрі

292
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/k8tJTTVEtcln7qkmPfXuCbs5U5SswGQrzZg11p09.webp

Каспий құбыр консорциумы арқылы Ресейге мұнай тасымалдау тұрақты режимде жүріп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Сенатта мәлімдеді.

«Қазіргі таңда мұнай тасымалдау тұрақты режимде жүзеге асуда. Бір айлақ толыққанды жұмыс істеп тұр, ал екінші айлақты жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тасымалдауға қатысты ешқандай шектеу жоқ», – деді Ақбаров бейсенбі күні Сенатта.

Залал туралы сұраққа жауап берген вице-министр нақты шығын көлемі әзірге белгісіз екенін білдірді.

Бұл мәселе әлі есептеліп жатқанын айтты.

Еске салайық, 29 қараша күні таңертең қашықтағы айлақ құрылғысы дрондардың шабуылынан кейін айтарлықтай зақымданған еді.

Пікірлер