«Димаш Құдайберген: Шексіз музыка». Әнші туралы жаңа кітап жарыққа шықты

104
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6jTMwkyq3FE5nt2LVyEgIIfP8oWYahMvkSLbvYP4.jpg

«Алматыкітап баспасы» DimashAli продюсерлік орталығының қолдауымен қазақстандық әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолына арналған жаңа кітап-альбомды жария етті. «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка» деп аталатын басылым көпшілікке орындаушының өнер жолын жан-жақты тануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Адырна". 

289 беттен тұратын ауқымды форматтағы альбомға әртістің мұрағаттық суреттері, концерттерден алынған материалдар, бұрын жарияланбаған сәттер, сондай-ақ Димаштың жеке естеліктері мен шығармашылық түсіндірмелері енгізілген. Бұл мәліметтер оқырмандарға музыканттың кәсіби қалыптасу кезеңдерін толық көріп, өнерінің даму барысын жаңа қырынан танып-білуге жол ашады.

Кітап бірнеше тақырыптық бөлімдерден тұрады. Онда Димаштың халықаралық аренадағы жетістіктері, өнерге келу тарихы, ірі әлемдік сахналардағы концерттері, мәдени жобаларға қатысуы және тыңдармандарымен байланысы қамтылған. Сонымен бірге басылымда сахна сыртындағы жұмыс үдерісі мен маңызды оқиғалардың хронологиясы да берілген.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шығуы арқылы әртүрлі аудиторияға қолжетімді болып, Қазақстан мәдениетін әлемге танытуға үлес қосады.

Пікірлер