Ресейдің ғарыш бағдарламасы тоқтады ма? «Роскосмос» жауап берді

265
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/r6QfuQLeVHif3tkXkpHnLGyJILDeQ0r7iD1Wmbfb.jpg

Байқоңырдағы «Союз» зымырандарының стартқа қажет техникалық құрылымының зақымдануына байланысты Ресейдің пилотталған ғарыш бағдарламасы тоқтатылған жоқ. Бұл туралы «Роскосмос» баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекеттік корпорация бас директорының орынбасары Дмитрий Баранов ресейлік пилотталған бағдарламаның тоқтатылғаны туралы мәлімдемелерді жоққа шығарып, бұл мәселе төңірегінде алып-қашпа әңгімелерге жол бермеуге шақырды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зымыран тасығышты қалпына келтіруге қажет барлық элемент пен жабдықтар жеткізілген. Жұмыстар екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін «Роскосмос» 27 қарашада «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылғаннан кейін Байқоңырдағы ұшыру үстелінің бірқатар элементі зақымданғанын хабарлаған еді. Сол кезде мемлекеттік корпорация қалпына келтіруге барлық қажетті резервтік бөлшектердің бар екенін және зақымдар жақын уақытта жойылатынын мәлімдеген.

Зымыран Халықаралық ғарыш станциясына «Союз МС-28» кемесін ұшырды. Оның бортында «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ NASA астронавты Кристофер Уильямс болды.

 

Пікірлер