Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Бұл туралы бүгін, 17 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президентті Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ауылдар мен аудан орталықтарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетілетін 700 нысан салынады
