Тауда жоғалған қыздың мәйіті табылды

256
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/j7xvWnXv6yaY7cYTgSDSn070nBcyEEbHbCf4me5O.webp

Алматы тауларында жоғалған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Марқұм 19 желтоқсан күні шамамен сағат 16:00-де әпкесімен соңғы рет байланысқа шығып, Букреев шыңынан Pioneer тау-шаңғы курортына қарай төмен түсіп келе жатқанын айтқан. Ол тауға арналған аяқ киім, қара түсті қысқы комбинезон, арнайы бас киім киген, қолында сноуборд болған.

Туыстарының айтуынша, Тамерис бұл бағытпен бұрын бірнеше рет жүрген. Pioneer курорты маңындағы бейнебақылау камералары оның таңғы сағат 6:30-да жолға шыққанын тіркеген, алайда кері қайтып келген сәті жазбалардан анықталмаған.

20 желтоқсан күні Pioneer тау-шаңғы курорты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қайғылы оқиға туралы хабарлады.

«Бүгін құтқару қызметі Букреев шыңы маңында бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйітін тапты. Түпкілікті сәйкестендіру сараптамалар аяқталған соң жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Курорт өкілдері оқиғаның демалыс орны аумағынан тыс, трассадан тыс және курорттың жауапкершілігіне кірмейтін аймақта болғанын нақтылады.

Сондай-ақ марқұмның тауға жалғыз шыққаны, құтқару қызметтеріне тіркелмегені айтылды. Курорт әкімшілігі қаза болған адамның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, демалушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, белгіленген аумақтардан шықпауға және тауға жалғыз бармауға шақырды.

Пікірлер