Отшашудан келген қасірет. Қолынан айырылған азамат үндеу жасады

207
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7ZWxbjT7dqCLXuqAOXykz71TuPVOGx2fmAc5qlGR.jpg

12 жасында фейерверк жарылысынан кейін қолынан айырылған Қуаныш Асқар жаңа жыл қарсаңында жастарға ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

2000 жылы Қуаныш Асқар достарымен ойнап жүріп, фейерверк сынды отшашу мен жарылғыш заттарды тауып алған. 12 жастағы балалар отшашу жарылғаннан кейін зардап шеккен. 

Ең қатты зардап шеккен - Қуаныш Асқар. Оның қолы жұлынған. Қолынан айырылған азамат жаңа жылда отшашу атқанды ұнататындарға үндеу жасады.

"Егер балалар фейерверк, петарда немесе басқа да қауіпті заттарды тапса, оларға тиіспеу керек. Үлкендерді шақырыңдар. Қазір қауіпсіз әрі қызықты басқа да көп ойын-сауық бар", – дейді ол.

Жасөспірімдерге үндеу жасаған Қуаныш уақытты босқа өткізбеуге кеңес береді.

"Оқыңдар, спортпен айналысыңдар, хобби табыңдар. Бір нәрсеге қызығу – өмірлеріңді сақтап қалуы мүмкін", – деп түйіндеді спортшы.

Пікірлер