Астанада елордалық құтқарушылар лифт ішінде қамалып қалған адамдарға көмек көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға түнгі уақытта Сарайшық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Лифт ішінде барлығы 11 адам, оның ішінде 5 бала қалып қойған. Алдын ала мәліметке сәйкес, лифт үшінші қабаттан төмен түсіп келе жатып, екінші және бірінші қабаттардың арасында тоқтап қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарды сыртқа шығарды. Абырой болғанда, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
ТЖМ тұрғындарды лифт ішінде қалып қойған жағдайда сабыр сақтауға және қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырады. Атап айтқанда, дүрбелеңге берілмей, диспетчерге хабарласу, барлық түймені қатарынан баспау және лифт есігін өз бетімен ашуға әрекет жасамау қажет.
"Күт, Вова! Армандаған зымыраныңды төбеңнен түсіреміз" - Ресей депутаттары енді балаларды келемеждеуге көшті
«Бассүйегінің бір бөлігі алынды». Семейде зардап шеккен мұғалімнің әйелі оның жағдайы туралы мәлімдеді
