Беларусь пен Қазақстан республикаларының арнайы операциялық күштерінің бөлімшелері бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізеді. Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, шара 5-21 тамыз аралығында «Көктал» полигонында және Іле Алатауының оқу-жаттығу тастары, шыңдары мен асулары аумағында өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқу-жаттығулар барысында арнайы операцияны жоспарлау, сонымен қатар тірі атыс, альпинистік техниканы пайдалана отырып іздестіру жұмыстарын жүргізу, артиллериялық атыстарды реттеу және ұшақтарды бағыттау мәселелерін пысықтау жоспарлануда.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері Қазақстанның білім беру саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары мен реформалардың тиімділігін дәлелдеді
