Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

90
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sYHBYZYIp2DnnKelVjfXL1gh29GUnUjSn9v66aYZ.jpg
Бүгін, 30 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна".

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен.

Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.

Пікірлер