АҚШ-тағы қарлы бораннан қаза тапқандар саны 85 адамға дейін жетті

79
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mszujGWxPLm7ePUGi392MRZ0HqSbJGLi6PwttmQm.jpg

АҚШ-та болған қарлы боранның салдарынан қаза тапқандар саны 85 адамға дейін жетті. Бұл туралы Associated Press (AP) жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Агенттік дерегіне сәйкес, Техастан Нью-Джерсиге дейінгі аумақтарда қатты аяз бен бораннан кемінде 85 адам көз жұмған. Қаза болғандардың шамамен жартысы Теннесси, Миссисипи және Луизиана штаттарына тиесілі.

Мәліметке қарағанда, өлім жағдайларының бір бөлігі:

  • үсіп кетумен;

  • қар тазалайтын техникамен болған апаттармен;

  • сондай-ақ иіс газынан (көміртек тотығы) уланумен байланысты.

National Weather Service арктикалық ауа массасының оңтүстік-шығысқа қарай жылжуы онсыз да төмен температураны одан әрі күрт түсіретінін ескертті. Жұма кешінде кей қалаларда, соның ішінде Нэшвиллде, ауа температурасы −10°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Қуатты дауылдан кейін бір аптаға жуық уақыт өтсе де, Нэшвилл қаласында 79 мыңнан астам үй мен кәсіпорын әлі күнге дейін электр жарығынсыз отыр.

Пікірлер