Жаттығудың ақыры. Каспийде қаза тапқан 12 сарбаздың тізімі жарияланды

845
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Qm8dsD5tPtkwcNWjLf7bYv6oLWYW3BaVjhGBw4gx.jpg

Маңғыстауда оқу-жаттығу барысында қаза болған 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен қарулы күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілер:

* аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы;
* м/қ матрос Сержан Талғатұлы Аяпберген;
* м/қ матрос Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ;
* м/қ матрос Алмас Жүсіпұлы Көбенов;
* м/қ матрос Ақылбек Қабденұлы Төлеген;
* м/қ матрос Жеңіс Тілеуұлы Темірғалиев;
* м/қ матрос Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов;
* м/қ матрос Әсет Саматұлы Жаңабай;
* м/қ матрос Азамат Болатбекұлы Мәдіхан;
* м/қ матрос Дастан Нұрболұлы Бегей;
* м/қ матрос Ақжайық Болатбекұлы Гилаж;
* м/қ матрос Олжас Тәжібайұлы Диханбаев.

Олардың қаза болуына байланысты әскери ведомство марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Бұдан алдын хабарланғандай Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңіз алып кеткен. Әуелде ағып кеткен сарбаздардың саны 19 адам деп жарияланғанымен, соңынан 17 адам жайлы айтылды. Үш әскери қызметкер құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жеткізілген. Қалған әскери қызметкерлерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясына Әскери-теңіз күштері, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері, авиация және өзге де тиісті қызметтер жұмылдырылған.

Оқиға орнында премтер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдарына жанұясына көңіл айтып, 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза күні ретінде жариялады.  

Каспийдегі оқу-жаттығу "Хазар қорғаны - 2026" деген атпен өткізілген. Жаттығу Қорғаныс министрлігінің оқу-жаттығудың стратегиялық командалық-штабтық бірыңғай жоспар аясында Каспий теңізінің қазақстандық секторында өткен. Оған Қазақстан қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков жетекшілік еткен. Оқу-жаттығуға әскери-теңіз күштері мен оларға бағынысты бөлімшелердің 500-ден астам әскери қызметкер, әскери кемелердің экипаждары мен жағалау бөлімшелері қатысқан. Машықтануға ҰҚК шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша жағалау күзеті мен әуе қорғанысы күштерінің күштері мен құралдары тартылған.

Пікірлер